Әскери ЖОО-лардың оқытушылары мен әскери дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Сенат қабырғасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қызметкерлердің еңбекақысы кемінде 30%-ке ұлғаюы тиіс. Үкімет осы мәселеге қатысты оң шешім қабылдады, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Сұлтан Қамалетдинов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Ел Үкіметі әскерилердің жалақысын көтеру жайында біздің бірнеше бастамамызды қолдап отыр. Мәселен, әскери-әуе ұшқыштарына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайтылмақ. Жыл соңына дейін әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақасын азаматтық университеттердің деңгейге дейін көтеру бойынша мәселе шешімін табады. Және де министрлер кабинеті әскери медицина саласында қызмет ететіндерге бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға келісім берді.