Елімізде сот істерін жүргізудің жаңа моделі енгізілуі мүмкін

Ішкі істер министрлігінің мамандары барлық қажетті сараптаманы тергеу басталмас бұрын өткізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер заң бұзушылықтың сипаттары анықталмаса, тексеріс пен қылмыстық қудалау тоқтатылуы тиіс. Бұл ұсыныстар Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында талқыланды. Ведомство басшысы Игорь Роговтың пікрінше, соталды дайындық кезінде адам құқықтарын бұзу деректері елде әлі күнге дейін кездеседі. Күдіктілерге қысым көрсету жағдайлары да жоқ емес. Сол себепті бұл саланың жұмысына үлкен өзгерістер енгізу қажет. Ал полиция қызметкерлерінің жұмысын статистикаға сүйенбей, азаматтардың пікірі негізінде бағалаған жөн, - деді Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы.

Игорь Рогов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы:

- Салада реформалар жүзеге асып жатқанын растау керек. Мәселен, жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданды. Бірақ әзірге біз статистикалық мәліметтерді ғана негізге алуды тоқтатқанымыз жоқ. Қазақстандық құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік құрылымдар үшін басшыларға есеп беру бірінші орында тұр. Содан құтылып, ең алдымен, халықтың көзқарасын білген дұрыс.