Теміртау қаласында алып сәби өмірге келді

Оның салмағы – 5 келі 55 грамм, бойы – 57 сантиметр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анасы нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелген. Бұл – оның төртінші баласы. Үлкені 10 жаста. Отбасында ірі туған алғашқы сәби екен. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Денсаулықтары жақсы. Перзентхана қызметкерлерінің айтуынша, былтыр өңірде 4 келіден асатын 54, ал 5 келіден асатын 10 нәресте жарық дүние есігін ашқан. Ең ірісі 6 келі 520 граммаға жетіпті.

Баян Жұрманбетова, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Жүктілік кезеңі ауыр болды. Бірақ келгеннен кейін босануым оңай болды. Толғағым қатты болды, көп уақыт толғатып жүрдім. Алланың қалауымен, дәрігерлердің көмегімен дүниеге келді.