Астанадағы Достық үйінде Алғыс айту күніне салтанатты шара өтті

Астана қаласындағы Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара  өтті.

Оған еліміздің барлық өңірлері  онлайн форматта қосылды.  Жиын барысында  ел дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталып, кеуделеріне төс белгі тақты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өз құттықтауында бірлік пен келісімді нығайтуға  мүдделі барша қазақстандықтарға, оның ішінде құқық қорғау, төтенше жағдай  органдарының қызметкерлеріне, әлеуметтік сала мамандары мен  волонтерлерге алғыс айтты.