«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шықты

Қазақстанда жыл сайын 13 мыңнан астам жол көлік оқиғасы тіркеліп, үш мыңға жуық адам қаза табады.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын жариялаған Ішкі Істер министрлігінің өкілі осылай деді.  Бес күнге жалғасқан осы шара барысында 74 мыңнан астам жол қозғалыс ережесін бұзушылық анықталған. Оның ішінде 1 300-ге жуығы қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан болып отыр. Оған негізгі себеп жүргізушілердің жауапсыздығы, қауіпсіздік талаптарын сақтамауы-дейді тәртіп сақшылары.