Мерзімді әскери қызметке Атырау облысынан 700-ге жуық жас шақырылады

Мерзімді әскери қызметке биыл Атырау облысынан 700-ге жуық жас шақырылады.

Қарулы күштер мен шекара қызметіне, Ұлттық Ұлан мен Төтенше жағдайлар министрлігіне, сондай-ақ мемлекеттік күзет қызметіне, әскерге шақыру маусымның соңына дейін жүргізіледі. Жалпы, өткен жылы өңірден 650 жас мерзімді әскери қызметке аттанған. Қазір Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және, жоғары білім министрлігі облыстардағы 40-қа жуық ЖОО-мен бірлесіп, мерзімді әскери қызметті атқаруға ынталандыру жобасын жүзеге асыруды бастады. Енді әскерде болғандар, жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай, түсе алады. Сондай-ақ әскери кафедра-да, емтихан тапсырмай-ақ тегін оқиды.

Асхат Әйтенов, облыстық қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары:

- Сарбаздар алдымен психологиялық тестілеуден өтеді. Кейін толық медициналық бақылаудан өткіземіз. Биыл шекара қызметі қатарында әскери міндетін атқаратындар үшін өзгерістер бар. Сарбаздар тек Атырау қаласында орналасқан әскери бөлімдерде мерзімді әскери қызметін атқарады.