Алматы облысындағы айналма жолдың құрылысы биыл аяқталады

Алматы облысы Шамалған теміржол бекетінде салынып жатқан айналмалы көлік жолының құрылысы биыл жазда аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзаққа созылып кеткен құрылыстың тезірек бітуін жергілікті жұртшылық асыға күтіп жүр. Себебі сол жердегі өткел арқылы күніне 6 мыңнан астам көлік жүреді. Кептеліс көп болады. Айналма жолдың жалпы ұзындығы – 6 шақырым. Қазір  жұмыстың 80%-і аяқталып тұр. Енді ұзындығы 300 метр болатын күрделі темірбетон құрылымы салынып жатыр. Жобаның бағасы – 18 млрд теңге.  

Нұрлан Ешмұхамбетов, ауыл тұрғыны:

- Мына жерде кептеліс болады. «Путепровод» бітпей жатыр. Тезірек жол салынып бітсе, мынадай кетпеліс болмайтын еді. Соны тезірек салып берсе, бітірсе екен деп ойлаймын.

Нұрхат Ақылтаев, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ Алматы облыстық филиалының директоры:

- Алматы-Астана автожолының 166 шақырымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 81 шақырымы төрт жолақты жол жылдың соңына дейін толық пайдалануға беріледі.