СҚО-да қоқыс өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы қоқыс өңдеу зауыты салынуы мүмкін.

Себебі қала іргесіндегі Бескөл және Бәйтерек ауылы маңындағы қатты қалдықтарды төгетін полигон, бірнеше жылдан бері заңсыз жұмыс істеп келген. Яғни ол Петропавл халықаралық әуежайынан небәрі жеті шақырымдай жерде орналасқан. Талап бойынша ол  стратегиялық нысаннан 15 шақырым қашықтықта болуы шарт. Сот аталған полигонды жабу туралы шешім шығарды. Енді жергілікті билік мәселені түбегейлі шешу үшін шетелдік инвесторларды іздестіріп жатыр.

Қуандық Шакубаев, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

- Ауданымыздың солтүстік бөлігінде ауылдар орналасқан. Оңтүстігінде мемлекеттік қорық бар. Ал батыста – Есіл бассейні болса, шығыста -әуежай. Сондықтан кұрмеулі мәселені тарқату үшін бірнеше нұсқасын қарастырып жатырмыз. Солардың бірі –қоқыс өңдеу зауытын салу. Қазір Ресей және Белорусь елдерінің кәсіпорындармен арнайы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жоба құны шамамен -600 миллион теңгеден басталады.