Қазақстандықтар бұйымдарын тегін таратуды әдетке айналдырды

Танымал онлайн сауда алаңының сарапшылары осындай хабарландырулардың саны былтырғыдан 3%-ке өскенін байқаған.

Тегін берілетін тауарлар санатында ересектер мен балаларға арналған киімдер, жиһаз, тұрмыстық заттар бар. Мамандар мұны мұқтаждарға жанашырлық деп бағалайды. Бұйымын тегін беретіндердің көбі Павлодардан. Әзірге оңтүстік аймақ халқы белсенді емес. Бірақ бұл өңір тұрғындарының сараңдығын байқатпайды. Себебі олар онлайн сервиссіз-ақ айналасына жомарттық танытып жүретінін айтады.