Президент шахматшы Д. Сәдуақасованы қабылдады

Мемлекет басшысы шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованы қабылдады.

Кездесуде елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар жайы талқыланды. Динара Сәдуақасова өз кезегінде шахматты дамыту жөніндегі пікірімен бөлісті. Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен біліктілік сайыстары ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Мемлекет басшысы гроссмейстерді былтыр Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың рапид түрінен күміс медальға қол жеткізуімен тағы да құттықтап, шахматшыларға мемлекет тарапынан  жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.