Елордада «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауы өтті

Елордада Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық байқау аяқталды.

Екі мыңнан аса оқушы қатысқан сайыс бір айға созылды. Алдымен аймақтарда іріктеу кезеңі өтті. Мұнда топ жарған 22 оқушы жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Кейін олардың арасынан тағы 11-і  іріктеліп, ақтық сынға өткен еді. Шараның мақсаты – оқушыларды Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасымен танысуға, оны әрі қарай зерттеуге ынталандыру. Мұнда қатысушыларға ақынның 20 өлеңі жаттауға берілді. Жеңімпаздарға демеушілер есебінен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ғазиза Құдайбергенқызы, ұлттық академиялық кітапхананың директоры:

- Ш. Құдайбердіұлының жас ерекшелігіне қарай 20 өлеңі таңдап бердік. 1 өлең ғана жаттамайды, сайыс барысында кез келген жерінде тоқтатып, жаттауға берілген өлеңдері сұралады. Одан кейін Шәкірімнің өмірі туралы, өлеңнің мағнасын ашу, не сіңірді не алды бала, бір моральдық тұрғыдан пайдасы болу керек ғой конкурстың.