Қызылордада күріш бағасы бақылауға алынды

Қызылордадағы күріш бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құзырлы орган өңірдегі 9 ірі өндірушінің баға белгілеу жұмыстарына талдау жасаған. Соның нәтижесінде 3 компания күріштің әр келісін 420 теңгеден 350 теңгеге түсіруге келісті. Дегенмен қалған алтауы әзірге өнімді арзандатуға асығар емес. Олардың да өз талаптары болуы мүмкін, - дейді мамандар.

Айта кетейік, қазіргі таңда әлеуметтік дүкендерде күріштің келісін 350 теңгеден асырмай сату үшін жергілікті органдар мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпарация арасында тиісті келісімдер қарастырылып жатыр.

Нұрбол Әлкебайұлы, облыс бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:

- Қазіргі таңда облыстық әкімшіліктің мәліметіне сәйкес 250 теңгеден 40 тонна стабфондқа алып отыр. 40 тонна күріш облыстық тұтынушыларға арзан бағамен сатуға. Тексеріс қазір жалғасып жатыр. Тиісті қорытындысы қосымша айтылатын болады.