Солтүстікте 150 шақырымға жуық арық тазаланды

Солтүстік Қазақстан облысында 150 шақырымға жуық арық тазаланды.

Өңірде көктемгі тасқынға байланысты алдын алу шаралары күшейтілді. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, осы күнге дейін қала мен елді мекендерден 620 мың текше метр ақ ұлпа шығарылды. Сонымен қатар Петропавлда еріген қар суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Коммуналдық қызмет мамандары 500 - ге жуық үйдің ауласын тазартты.