Павлодар облысында ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Қазір жердің тоңы жібіп жатқан кез. Сондықтан наурыздың 23-нен мамырдың 1-не дейін жүк тасымалына шектеу талабы енгізіліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені шамадан тыс артылған жүк көліктері жолдарды бұзады. Осы уақыт аралығында тиелген жүктің салмағы қажетті  мөлшерден 20%-ке аз болуы шарт. Тәжірибе көрсеткендей, жүргізушілердің  көпшілігі бұл ережені біле бермейді. 

Қуат Нұрмағамбетов, Жол активтері ұлттық сапа орталығының қызметкері:

- Рейдтік іс-шаралар ауыр жүк көліктерінде шамадан тыс жүктемені анықтау мақсатында жүргізіледі. Егер көліктердегі жүктің салмағы белгіленген мөлшерден артық болған жағдайда, жол сапасына кері әсер етеді. Ал су тасқынына байланысты іс-шаралар мамырдың 1-не дейін жалғасады.