Қазақстан Қашаған кенішінің операторын сотқа берді

Қазақстан Қашаған кенішінің операторынан 2,3 триллион теңге экологиялық айыппұл төлеуді талап етіп, сотқа берді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Норт Каспиан Оперейтинг Компаниясы (NCOC) өз өндірісінде рұқсат етілгеннен екі есе көп күкірт сақтады деп айыптады. Бұл жайында Bloomberg порталы хабарлады. Ақпарат агенттігінің жазуынша: «Қазақстан аталған компанияға бақылауды күшейтіп жатыр. Сондықтан экологиялық айыппұл салу ісі осы жағдайға байланысты қолға алынып отыр»,  - дейді. Блумберг бұл мәліметті жобаға қатысы бар дерек көздерінен алған.