Өскеменде жолда жүру ережесі үлкен экраннан насихатталды

Өскеменде полиция қызметкерлері оқушыларды кинотеатрға апарып, жолда жүру ережесі туралы бейнероликтер көрсетті.

Ерекше акцияға 150-ден аса бала қатысты. Жол сақшыларының бұл шараға басымдық беруі бекер емес. Өйткені күн жылынғалы бері көшеде қозғалыс артты. Әсіресе ойын балалар көп. Сондықтан оқушылардың жол қауіпсіздігі сауатын арттыруға полиция, мұғалім, ата-ана болып үш жақты ықпал еткен жөн дейді олар.

Санат Қасымов, облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Әр түрлі себептер болады,жол көлік оқиғасында ол мысалы ата-аналардың да көп қарамай қалуы,осындай жұмыстар жүргізіп,ата аналармен жүргізіп+​ 9-11сынып мектеп оқушылары арасында агитация жүргізіп,осы​ фактілер болдырмау үшін осы жұмыстар жандандырылып жатыр.