СҚО-да сүт фермаларының құрылысына 17 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында тауарлы сүт фермаларының құрылысына 17 млрд теңге бөлінді.

Бұл жобалар "Солтүстік" әлеуметтік – кәсіпкерлік коорпорациясы арқылы қаржыландырылады.

Төмен пайыздық несиені кез келген кәсіпкер ала алады.

Айыртау ауданы Антоновка ауылындағы тауарлы сүт фермасы – заманауи кешен. Оның құрылысына 1 млрд.теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Енді мұнда жергілікті тұрғындар қысы – жазы жұмыс істейді. 

Қуаныш Қуандық, мал дәрігері:

- Мұндай ауылдарға мұндай фермалардың, яғни шаруашылықтардың ашылғаны өте қажет. Адамдарды жұмыспен қамтиды. Бұл жерде қазіргі сәтте 20 шақты адамды жұмыспен қамтып отырмыз қазіргі сәтті.

Сиырлар солтүстіктің суығына тез бейімделіп, қыстан қысылмай шықты. Қазір бір – біреуі күніне 23 литрге дейін сүт береді. Кешен озық қондырғылармен жабдықталған.

Мәди Әбілдин, серіктестік директоры:

- Қараша айында әкелдік 238 бас Даниядан голштино – фризке тұқымын қара малын. Қазіргі уақытта оның ішінде бір 110 басы бұзаулады. Осы наурыздың ортасынан бастап «Еуразия Милк» шаруашылығына молочный заводына сүт тапсырып жатыр. Соның қазіргі уақытта 35 тонна сүт тапсырылды.

Ферманың жұмысымен облыс әкімі Айдарбек Сапаров танысты. Осындай озық кешендер ең алдымен қайта өңдеу зауыттарын сапалы шикізатпен қамтуға мүмкіндік береді.

Мейрам Меңдібаев, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Өткен жылы облыс бойынша 644 тонна сүт өндірілді жалпы. 2021 жылы 635 мың тона болды. Жыл сайын енді мынау жаңа фермалар салғаннан бастап объемдары көбейіп жатыр.

Қазір өңірде 32 заманауи сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Онда 17 мыңға жуық асыл тұқымды сиыр бар.  

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков