Елде дизель тапшылығын жою үшін шаралар қолданылды

Елде қазір 309 мың тонна дизель отыны бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы айда тағы 441 мың тоннасы өндіріледі. Сондықтан жалпы көлемі шамамен 750 мың тонна. Ал тұтыну көлемі ауыл шаруашылығы мен теміржолға жұмсалатын шығынды қосқанның өзінде шаммен 510 мың тоннадан артылмайды. Ал кешегі есеп бойынша, 415 жанармай құю станциясында дизель отыны болмаған, бұл – елдегі 3 163 нысанның 13%-і. Бұл тапшылық жанармай құю станцияларының пайда табу үшін мұнай базаларындағы отын қорын жасырып қалуы себепті туындаған. Сөйтіп, жеке мұнай базаларында елде бар дизель отыны көлемінің 73%-і жинақталған. Бұдан бөлек, өткен аптада 3 мыңдай жанармай құю станцисына бақылау жүргізілсе, соның 152-сі жанармай сатуды шектеген.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр бүгінгі жиында өңірдегі штабтар белсенді түрде әрекет етіп, тұрақты рейдтер өткізуі керек екенін айтты. Ал жанармай құю станцияларына бақылау күшейеді. Отын тапшылығы бар өңірлерге бірінші кезекте жеткізіледі. Жөндеуде тұрған Шымкент мұнай өңдеу зауыты да іске қосылды. Сол себепті енді дизель тапшылығы болмауға тиіс.