БҚО-да 9 адам бруцеллез жұқтырып алған

Батыс Қазақстан облысында 9 адам бруцеллез жұқтырып алған.

Олар – Ақжайық және Шыңғырлау аудандарының тұрғындары. Қазір індет ошақтарын улау және ауру малды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылдың алғашқы тоқсанында 3 адам сарыпқа шалдыққан еді. Қатерлі инфекция салдарынан адамның буындары, жүйкесі мен жүрек-қан тамырлары зақымдалады. Ветеринария басқармасының мәліметінше, биыл аймақта мыңға жуық ірі қарадан бруцеллез анықталған.

Гүлмира Кажушева, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Бұл ауырған адамдардың барлығы ауру жануарды күту барысында осы індетті жұқтырып отыр. Науқаспен қатынаста болған тұлғалар, барлығы 17 адам анықталып, олар тексеріліп, олардың нәтижесі теріс мәнді болып отыр.