Шымкентте автобус жүргізушілері аттестациядан өтіп жатыр

Шымкентте 2 бірдей тасымдалдаушы компанияның жүргізушілері кезектен тыс аттестация тапсырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тестілу сынына барлығы 500-ден аса автобус жүргізушісі қатысады. Олар жұмыстан тыс уақытта жол ережесі мен техникалық қауіпсіздік сұрақтарына жауап беруі тиіс. Сондай-ақ оқыс жағдайға тап болғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуге де даяр болулары керек. Барлығы 20 сұрақ берілген. Сынақтан сүрінбей өткен автобус жүргізшілері қайта жұмысқа қабылданады. Ал теориялық білімі төмен азаматтарға тағы бір мүмкіндік беріледі, - дейді сала мамандары.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада шаһардағы көше қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кеткен. Соның салдарынан 5 адам көз жұмды.

Әбдібек Үкібаев, жолаушы тасымалдаушы компанияның өкілі:

- Қатысушыларды 100% деп алсақ, олардың 85%-і аттестациялаудан өтті. Оның 15%-і өте алмады. Өте алмағандарға қайта дайындалып келіп тапсыруына мүмкіндік беріліп жатыр. Одан да тапсырып өте алмағандарға басқа шара қолданылады.