СҚО-да Есіл өзені арнасынан асты

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені арнасынан асты.

Салдарынан республикалық маңызы бар «Челябі - Новосібір» бағытындағы тас жолдың бір бөлігін су басып қалды. Ол жүздеген метр жерге дейін жайылған. Аталған учаскеге қазір мобильді бекет қойылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Яңғи бұл алаңда полиия және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары кезекшілік жасап жатыр. Мұнымен қоса су Заречный кентінде орналасқан бірнеше саяжайға жайылды. Ал Қазгидромет мамандары Ақмола облысында тағы да судың көтерілгенін айтуда. Бұл дегеніміз алдағы уақытта  қңірде тасқынның екінші толқыны басталуы ықтимал деген сөз.

Назымбек Елемесов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

- Альтернативті жол бар., Заречный кентінің ішімен. Гидроузел жағымен. Тұрғын үйлерге еш қайіп төніп тұрған жоқ. Саяжай учаскелері 20-дан 30-ға дейін қазір су басты. Обволование жасалды. Қаптар, инертті материалдар бәрі дайын. Кезекшілік ұйымдастырылған. Полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы қызметте. 18,19 20 күндері  судың ПИК болуын күтеміз.