Әзербайжандық жазушы Анар Рзаевтың романы қазақ тіліне аударылды

Әзербайжандық жазушы Анар Рзаевтың күллі әлемге танымал «Бес қабатты үйдің алтыншы қабаты» романы қазақ тіліне аударылды.

Бұл бауырлас халықтың әдебиетіндегі үздік шығармалардың бірі. Қазақ тілді оқырманға туындыны қаламгер Қайнар Олжай аударды. Кітаптың тұсаукесері бүгін елордада өтті.

"Бес қабатты үйдің алтыншы қабаты". Өткен ғасырдың 70-ші жылы жарық көрген осы бір туынды әлемнің 40 тіліне аударылған. Романның желісі ажырасқан әйел мен жас жігіттің қарым-қатынасын баяндайды. Дегенмен, қос ғашық қоғамның қарсылығына тап болады. Бұл – жалғызбасты екі адамның тағдыры жайлы толғаныс. Алайда кітаптың түпкі ойы тек сезіммен шектелмейді, мән-мағынасы терең, салмақты ой салатын туынды.

Анар Рзаев, Әзербайжанның халық жазушысы:

- Әдебиет әлем халықтарын жақындастырады. Көптеген тілге аударылған роман енді қазақ тілінде жарыққа шыққанына қуаныштымын. Игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысым шексіз. Біз – бауырлас халықпыз. Бұл байланыс әрі қарайда нығая түсетініне сенімдімін.

Кітаптың тұсаукесеріне келгендердің қатары қалың болды. Шараға бегілі жазушылар қатысып, әзірбайжандық қаламгердің шығармасын жоғары бағалады. Сондай-ақ, қылқалам шеберіне құрмет көрсетеліп, шапан жабылды. Кітапты қазақ тіліне публицист Қайнар Олжай аударды.

Қайнар Олжай, публицист, жазушы:

- Кітаптың оқиғасына қарасақ, соыдан 60 жыл бұрынғы адамдардың мінез құлқы мен қазіргі адамдардың мінезінің ешқандай өзгермегенін байқауға болады. Кітаптың ішкі ойында, философиясында мына болашақтың да бір кені жатыр. Себебі, адамдар барды көреді де, адамның санасында тағы бірнәрсе болады. Адамдар соған ұмытлу керек. 5 қабат үйдің алтыншы қабаты дейтіні сондықтан.

Кітапты аударуға 1 жарым ай уақыт кеткен. Туынды отандық баспадан басып шығарылды. Романның тұсауы елордада өтіп жатқан Еуразиялық халықаралық кітап көрмесінің аясында кесілді. Алдағы уақытта, тағы екі кітап жарыққа шығады.

Рахымғали Абрарұлы, "Атамұра" баспасының президенті:

- 5 қабатты үйдің алтыншы қабаты деген Әзірбайжанның халық жазушысы, анар Рзаевтың кітабы. Бірінші рет оны қазақ тіліне аударып отырмыз. Екіншісі Ұлықбек Есдәулет ағамыздың Әбілхаят деген кітабы. Үшіншісі Ақұштап Бақтыгереев ағамыздың Ақша бала деген кітабы. Мінеки осы үш кітаптың тұсаукесерін жасап отырмыз.

Кітап 1500 мың данамен басылды. Қазақ тілді оқырман романды интернет-дүкендерінен сатып ала алады. Сондай-ақ, өңірлердегі кітап дүкендеріне қойылуы мүмкін.

Авторлары: Бекзат Аманов, Ерлан Наурызбаев