22 сәуір Халықаралық Жер күні

Бүгін халықаралық жер күні.

Алғаш рет 1971 жылы өткен шара жарты ғасырдан бері жалғасын тауып, игі дәстүрге айналған. Бүгін Алматыда әкімдіктің қолдауымен қоғамдық ұйымдар мұрындық болған Almaty Clean & Green экологиялық акциясы өтіп жатыр.

Бүгін еліміздің ең үлкен қаласы ауқымды экологиялық шараның орталығына айналды. Мұндай шара бірінші рет қоғамдық ұйымдардың бастамасымен қолға алынды. Almaty Clean & Green деп аталатын экологиялық сенбілік қаланың 8 ауданында өтті. Мыңдаған алматылық пен қала әкімі Ерболат Досаев қатысқан акицяға еліміздің танымал әртістері мен саяси ұйым өкілдері қолдау көрсетті. 

Марк Бейдали, «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі:

- Бұл жастарға керек, ол біздің болашағымызға керек. Себебі біздің болашақ біздің жастарда. мен әрқашан да біздің болашақ балаларға сенемін. Себебі біздің Мағжан атамыз айтқан; мен лауламасам, сен лауламасаң, ол лауламаса, аспан қайтып ашпақ. Сол себепті біз аспанымызды, жерімізді таза ұстауымыз керек.

Жалпықалалық сенбіліктің орталығы Баум тоғайы болды. Өйткені, қаланың ортасындағы орманды алқапты тұрғындар «Алматының өкпесі» деп атайды.

Бекнұр Қисықов, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі:

- Тазалаудың деңгейін жоғары көтереміз. Бұл жерде философиялық жағынан қарағандықтан тек бір күнде бәрін тазалап шығу емес, осы ай сайын, күн сайын, жыл сайын біз осыны мәңгілік болып істеп тұруымыз керек, деп ойлаймын. Сондықтан бүгін өте қуаныштымын, көп ағаш отырғыздық. Сондықтан біздің қаламыз өркендей берсін, жасыл бола берсін, Мына Алматы қаласы баяғы бақ қала деген сияқты.

Экологиялық маңызды сенбілік аясында 5 мың ағаш отырғызылды. Оған қажетті көшеттердің бірнеше түрі мен құрал-жабдықтарды қала әкімдігі қамтамасыз еткен. Шараға қатысуышлар аумақты қоқыстан тазалап қана қоймай, 15 минуттық таңғы жаттығу жасады. Одан кейін тұрғындарға экологиялық тақырыптағы сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендер бағалы сыйлықпен марапатталды.

Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев