Қазақстанда адам саудасы қызып тұр

Елде адам саудасы қызып тұр.

Жыл сайын жүзге жуық тұрғын оның құрбанына айналады. Бұл мәселеге халықаралық ұйымдар да алаңдаушылық білдіріп отыр. Онымен күресті күшейту үшін  USAID ұйымы Астана әуежайында адам саудасының ықтимал құрбандарын анықтау бойынша дәріс өткізіп жатыр. Жоба аясында 100 әуежай қызметкері тыңғылықты дайындықтан өтті.

Адам саудасы-әлемдегі басты проблеманың бірі. Халықаралық сапарлардың 80%-ға жуығы ресми шекаралық бақылау пункттері, соның ішінде әуежай арқылы өтеді. Сондықтан да әуе қызметкерлерінің бұл  қылмысты анықтай алуы өте маңызды.

Альбина Тортбаева, «Қауіпсіз көші-қон» жобасының Қазақстандағы жетекшісі:

- Адам саудасының ықтимал құрбандарын тани білу(профайлинг дейміз), ол кісілердің психологиялық портретін түсіне білу, қандай қиын жағдайға түседі және ол кісілерге қалай көмек көрсету  керек, оларды қорғау сияқты әр түрлі қызықты тақырыптар өтеді. Практикалық кейстар болады. Себебі, бұл үлкен қылмысты шешу деп барлығымыздың рөліміз өте маңызды.

Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметі бойынша қазіргі таңда елу миллион адам құлдықта жүр, соның ішінде отыз милионға жуығы  еңбек құлдығының құрбандары. Зардап шеккендердің сексен пайызы әйелдер.

Нина Балабаева, әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығының директоры:

- Өкінішке орай, Қазақстанда қандай да бір хаттама әзірше әзірленбеді. Алайда, өткізіліп жатқан тренинг бұл мәселені жаңартады деген ойдамын. Біз өз тарапымыздан авиа компанияларға, әуежайларға жасаған роликтерімізді, брашюраларымызды және баннерлерімізді беруге дайынбыз.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам саудасы проблемасының өзектілігін, мұндай қылмыстарды тергеу және кінәлілерді сот тәртібімен жазалау рәсімін күшейту қажеттігін VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында атап өтті. Оны әзірлеуге отандық сарапшылар және заңгерлермен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін де тарту керек», деді Президент.