Мәжіліс отырысында депутаттар статистика бюросының жұмысын сынға алды

«Үкіметтің шешім қабылдарда жіберетін басты кемшілігі – жалған статистиканы пайдалануы».

Мәжіліс отырысында депутат Елнұр Бейсембаев осылай деді. Ол Ұлттық статистика бюросы келтіретін сандардың шынайы көрсеткішке сай келмейтінін айтып, сынға алды.  Ол халықтың орташа жалақысы мен жұмыссыздыққа қатысты стастикалық сандарды мысал ретінде келтірді.

Елнұр  Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Дәл қазір қазақстандықтардың ең басты проблемасы – азық-түлік бағасының шарықтауы. Қымбатшылық қарапайым халықты алқымдап тұр. Бірақ, Ұлттық статистика бюросы 10 жұмыртқа – 490 теңге, айранның литрі – 390 теңге, пияз – 182 теңге, ал қияр мен қызанақ бағасын 1000 теңгенің көлемінде дейді. Шындығында, мәселе одан әрі ушығып тұр. Үкімет тарапынан қабылданған шешімдердің әлсіздігі, көбінде қате мәліметтерге сүйенудің негізінде орын алып отыр деп есептейміз. Ұлттық бюро жүргізетін статистика барынша шынайы, халықтың әлеуетін ашық көрсетуі тиіс.