Ә. Қуантыров: Жазда электр энергиясы қымбаттайды

Жазда елде коммуналдық қызмет қымбаттайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баға аймаққа байланысты 10-20%-ке өседі. Электр энергиясының құны желілердің тозуына байланысты белгіленеді. Мұны Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Оның айтуынша, кәріз желілері әбден тозған және көп инвестицияны қажет етеді. Тарифтің қымбаттауына тағы бір себеп – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы жалақының өсуі. 

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Біз тарифті біртіндеп өсіреміз. Алдымен мұны маусым-шілде айларында энергия өндіруші ұйымдар есебінен ұлғайту жоспарланып отыр. Жүздеген мың жұмысшының еңбекақысын өсіруді көздеп отырмыз. Себебі слесарь, сантехниктер желілерді ауыстырады, жұмысты сапалы істеу керек. Өкінішке қарай, жалақының аздығынан адамдар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан кетіп жатыр.