Елдегі студенттер 700-ге жуық құқықбұзушылық жасаған

Былтыр елімізде білім алып жүрген студенттер 700-ге жуық қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 143 қылмысқа Жоғары оқу орындары білімгерлерінің қатысы бар. Жауапкершілікке тарту кей жағдайда олардың болашағына теріс әсер етеді. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу орындарындағы қауіпсіздік жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат университеттер мен институттарда қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арналған. Қауіпсіз орта құру және студенттер арасында құқықтық тәртіпті нығайту үшін жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдардың ортақ жауапкершілігі негізге алынады.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Бағытымыз – көзі ашық, білім алып жатқан жастармен жұмыс істеу. Соларға ұйытқы болу керек. Біз өз жағымыздан студенттердің қауіпсіздігін сақтауға күш саламыз. Дабыл батырмаларын қойғызып, оң нәтижесін береді деп ойлаймыз.