Елде балық шаруашылығымен айналысатындар субсидияға зәру

Еліміздің балық шаруашылығы саласының өкілдері субсидия ала алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенатор Сәкен Арубаевтың айтуынша, бұл мәселеге Жер кодексінің қайшылықтары мен балық шаруашылықтары мәртебесінің белгісіздігі себеп. Салдарынан шаруалар шығындарының жартысынан көбін жабатын субсидияларды рәсімдеу кезінде бірқатар қиындыққа тап болады. Осы ретте депутат еліміздегі балық шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесін беру және олардың нысаналы мақсатын ауыстыру мәселелері бойынша қолданыстағы жер және су заңнамаларына тиісті түзетулер енгізуді сұрады.