ШҚО-да жол саласында маман тапшы

Елде жол құрылысы саласында 12 мың маман жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде республикада небәрі 600-ден астам ғана студент жол мамандығы бойынша білім алып жатыр. Құрылыс қарқынды жүріп жатқан Шығыс Қазақстан облысында да кадр мәселесі өзекті. Мұнда тіпті инженер, зертханашы қызметкерлері де тапшы. Мәселені шешу үшін ұқсас мамандықта оқып жатқан студенттерді осы салаға тарту көзделіп отыр. Жол құрылысының қыр-сыры жайлы ақпарат беретін ашық есік күндері өтуде. Шара аясында студенттер «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» зертханасына келіп, ондағы кәсіби қызметкерлермен жүздесті. Қазір оларды тәжірибеден өткізу мәселесі қаралып жатыр.

Ержан Усманов, облыстық «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» директоры:

- Бұдан бөлек, практикадан өткізуге мүмкіндік бар. Жазғы кезде жұмыс бізде маусымдық қой. Бізде тәжірибеден өткені үшін 85 мың теңге айлық төлейміз. Ары қарай тәжірибеден соң, бос мамандықтарда орын болған жағдайда ары қарай жұмысқа тұрып та кетуге болады.