Қорғалжын ауданында Ауған соғысы жауынгерлерін еске алу шарасы өтті

Қорғалжын ауданында Ауған соғысы боздақтарын еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 34 жыл толып отыр. Бұл соғысқа 22 269 қазақстандық қатысып, 924 сарбаз ерлікпен қаза тапты, 1015 сарбаз мүгедек болып оралды, 21 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Аудан ардагерлері сұрапыл соғыста қаза болған жауынгерлер рухына тағзым етті. Шараға Қорғалжын ауданының әкімдігі, ардагерлер және жергілікті тұрғындар қатысты.

Дарын Сабырғалиұлы, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары:

- Бүгінгі болып жатқан іс-шара өте маңызды. Біздің Ұлы Отан жеңісіміздің осындай керемет көрінісін көріп отырмыз. Жас ұрпақтар өсіп жатыр. Арамызда жүгіріп жүр дегендей. Осының бәрін көріп, қуантып. Ата-бабаларымызға көп-көп рақмет! Осындай бейбіт өмір, бірлік, ынтымақтастық сыйлағандарына.

Еркебұлан Болат, жергілікті азамат:

- Елімізде үлкен шара өтіп жатыр. Ауған елінің жігіттерінің басын қосып, мына елге құрбан болған жігіттерге құран бағыштадық. Бүгін бала-шаға, ұрпақ көрсін, білсін деп, елімізде осындай ардагерлер бар екенін деген ниетпен кішігірім баннер қойдық.