Алтынемелде туристік орталық салынып жатыр

Владислав Якушкин саналы ғұмырын табиғат сұлулығын таспаға түсіруге арнаған жан.

Зоолог әрі кәсіби фотограф жабайы жануарлар мен аң-құстар жайлы оннан аса кітап шығарған. Әлемдегі ерекше қорғалатын аймақтардың басым бөлігінде болған ол енді «Алтынемел» туралы да суреттер топтамасын жинақтамақ.

Владислав Якушкин, фотограф:

- Уникальный Ерекше көркем аймақ. Бұл жер АҚШ тағы  «Өлім аңғары» деп аталатын паркке қатты ұқсайды. Екеуінің айырмашылығы америкадағысына жылына бір млн турист келеді. Ал біздегісін көбі біле бермейді. Туризмді насихаттауға күш салуымыз керек.

Саяхаттаушылар санын арттыру үшін парктің Шеңгелді жағынан арнайы туристік орталық салынып жатыр. Онда қонақүй кешені және этноауыл әрі  11 метрлік биіктіктен жан-жануарларды көру алаңы болады. Нысан пайдалануға берілгенде көпшілікке екі күн ішінде парк аумағын толықтай  аралап шығу мүмкіндігі ұсынылады.  

Болатбек Ақбаев, "Алтынемел" МҰТП қызметкері:

- Айқайқұм, Шоқан бастауы, Таңбалы тас, Бесшатыр, табиғаттың керемет жерлерін көруге болады. Басшидің арғы жағынан Ақтау, Қатутауды тамашалауға болады.

Бір ескерте кетерлігі жаңа туристік бағытта арнайы автобустар ғана қатынайтын болады. Мұндай шектеу ерекше қорғалатын аймақта көлік нөпірін болдырмау үшін жасалып отыр. Жоңғар Алатауы мен Шолақ, Матай, Алтынемел, Қояндытаудың ортасында Іленің жағасында орналасқан парктен доңызды, жорғалаған қырғауылды, желмен жарысқан қарақұйрықты, үйір үйір болып жүрген құланды көруге болады. 

Қуат Байтұрбаев, "Алтынемел" МҰТП бас директоры:

- Былтыр «Алтынемел» паркіне он бес мыңдай турист келіп кетті: биыл ойлап отырмыз жұмыстар жүргізіп отырмыз. Екі есеге көбейеді деп ойлап отырмыз. Туристер екі есеге көбейеді деп отырмыз.

4600 гектарды алып жатқан аумақта өсімдіктің 1800 ден астам түрі өседі. Жасыл желектің сан алуан түрімен қатар бұл аймақты қасқыр, аю, барыс та мекендейді.

Парк қызметкерлері оларды зерттеу үшін ғалымдармен бірлесіп  жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай ауқымды жобалардың бірі 2025 жылға дейін жүзеге асады. Соның аясында 240 бас құлан «Іле Балқаш» резерватына  жөнелтіліп, тұран жолбарысының тіршілігі қайта жандандырылады.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев