Алматыда қазынашылық қауымдастықтың пленарлық мәжілісі өтіп жатыр

Оған ТМД, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты 21 елден сарапшылар келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараның өтуіне Дүниежүзілік банк қолдау білдірген. Мамандардың айтуынша, Қазақстанның қазынашылық жүйесі толықтай автоматтандырылған. Ендігі мақсат – оны басқа дерек көзімен интеграциялау. Оның қатарында мемлекеттік жоспарлау мен салық жүйесі бар. Қатысушылар цифрландырумен қатар бюджеттің орындалуы, қазынашылық бақылау мен тәуекелдерді басқару бойынша тәжірибе алмасты.

Дәурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Біздің Қазақстандағы қазынашылық жүйесі автоматтандыру бойынша 30 мемлекеттің ішіне кіреді және басқа мемлекеттер біздің қазынашылық жүйесінің дамуымен танысады және біз үшін де үлгілер бар. Оңтүстік Корея, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің қазынашылық жүйелерінің дамуы, олардың автоматтандырылуы ол жердегі тәуекелдерді басқару жүйелері, ол жердегі қазынашылық жүйелердің дамуы біз үшін қызығушылық танытады.