Қарағанды облысында 52 жобаның инвестициялық пулы құрылды

Жаңа нысандар өңірде 12 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жобалардың құрылысына триллион теңгеден аса қаржы жұмсалады. Биыл 11 кәсіпорын іске қосылады. Халықты жұмыспен қамту үшін 5 мыңнан аса кәсіпкер мемлекеттен қолдау алады. Өнеркәсіп саласына да қаржы тартып, тұрғындарды жұмыспен қамту жоспар да бар.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Негізгі капиталға 25%-ға өсіммен шамамен 176 млрд теңге инвестицияланды. Биылғы жылдың қорытындылары бойынша 793 млрд теңге деңгейінде инвестиция күтудеміз. Соның нәтижесінде 2 мыңнан аса тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.