Алматыда «Аңсаған сәби» мүсіні ашылды

Алматыда ана болуды армандайтын әйелдер қауымының құрметіне «Аңсаған сәби» мүсіні ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ана алақанындағы сәби бейнесіндегі бұл композиция репродуктивті денсаулық саласындағы ғылыми жаңалықтар мен инновациялардың маңыздылығын білдіреді.

Бұл  мүсін Мемлекет басшысының бағдарламасына орай салынған. 2020 жылы Президент Қазақстан халқының репродуктивті денсаулығын жақсартуға арналған «Аңсаған сәби» ұлттық жобасын жариялаған еді. Жоба аясында бедеулікті экстракорпоралды ұрықтандыру әдісімен емдеуге жыл сайын 7 мың квота бөлінеді. Соның нәтижесінде 2021 жылы елде 3 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Енді осы мүсіннің жанынан жаңа буын клиникасы ашылады, - дейді мамандар.

Салтанат Байқошқарова, «ЭКОМЕД» клиникаларының негізін қалаушы:

- Қола мүсіннің қасында біз жаңа буынның клинкасын ашып жатырмыз.  Қазіргі жастарға, олардың ұрпақты болуына, денсаулығына мән берсін. Репродуктивті жағына мән берсін деп. Яғни, бұл клиника – жаңа жастарға арналған клиника. Бұл жерде барлық жаңа заманның технологиялары орналастырылған. Бұл жерде жаңа көзқарас бар, жаңа медицинаны меңгерген мамандар жұмыс істейді.