Сарапшы: орманшылардың жалақысы төмен

Абай облысындағы алапат орман өрті саладағы бірқатар түйіткілдің бетін ашты.

Дәлірек айтсақ, орманның қауіпсіздігіне жауапты мамандардың қызметтік көлігі ғана емес, қарапайым құрал-жабдығы мен арнайы формалары да жоқ. Оның үстіне орманшылардың жалақысы да төмен. Сарапшы Жағпар Кәрімжамның айтуынша, сала серпілісіне елдегі орман шаруашылығына бөлінетін қаржының аздығы кедергі келтіріп отыр.

Жағпар Кәрімжан, орманшы:
- Орман шаруашылығында жұмыс істейтін қарапайым қызметкерлердің жалақысы тым аз. Орташа есеппен алғанда шамамен 100 мың теңге. Бірақ олардың жұмыс жүктемесі жоғары. Кей инспектордың қызметтік көлігі жоқ, көбіне олар өз көлігін пайдаланады. Сол үшін қазір жастардың бұл мамандыққа қызығушылығы төмен. Салада проблема көп. Өйткені, орман шаруашылығындағы басшылық лауазымдарға тағайындалғандардың дені осы салаға қатысы жоқ.