Алматыда актер Ю. Померанцевтің мүсіні қойылды

Алматыда танымал актер Юрий ПомерАнцевтің мүсіні ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық оны басты рольді ойнаған фильмнің атауымен «Біздің сүйікті дәрігер» деп атап кеткен. Театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Юрий Померанцев ғасыр жасап, дүние салды.Ол өмірінің соңына дейін сахнадан қол үзген жоқ. Кинода 300-ден астам рөл сомдады.

Мүсіні өзі 70 жыл еңбек еткен Лермонтов атындағы орыс драма театрының алдына қойылды. Авторы – Нұрлан Далбай. Жобаның жүзеге асуына жеке қордың бірі ұйытқы болған.

Еркін Жуасбек, М. Әуезов атындағы драма театрының директоры:

- Ескерткіш қасында орыс театрына халықты шақырып тұратындай. Дәл театрдың сахнасында осындай ұлы адамдар біздің еліміздің тамаша достығының куәсі болып тұрғандай. Біздің еліміздің туысқандығының куәсі болып тұрғандай. Біздің еліміздң керемет адамгершілікті сыйлай білетін, көтере білетін қасиетін айшықтап тұрғандай ескерткіш болып тұр.