Астанадан Алакөлге жаңа «Тальго» пойызы жүреді

Енді Астанадан Алакөлге дейін жаңа «Тальго» пойызы қатынайтын болды.

Жылда жазғы маусымда Алакөлге бет алған демалушылар саны күрт өседі. Сұраныс артып, билет тапшылығы сезіледі. Бұл мәселені шешу үшін «Қазақстан темір жолы» қосымша пойыздарды іске қосып отыр. Компания осы арқылы жолаушылар жүктемесін төмендетуді көздеп отыр. Әрі бұл ішкі туризмді дамытуға сеп болады. Жүрдек пойыздың, алғашқы рейсі бүгін Достық стансасына жетті.

Міне бұл «Астана-Достық» бағытындағы жүрдек пойыз. Енді Алакөлге барып демалам деген кез келген жолаушы жайлы, әрі жылдам жете алады. Тальго 21 сағат 45 минутта курорттық аймаққа жеткізеді. Билет бағасы 17 мың теңгеден басталады. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы орындар мен 70 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Блиц:

- Біз бірінші рет Алакөлге барайын деп жатырмыз. Петропавл қаласынан. Пойыз өте ыңғайлы. Барлығы жақсы істелген. Және Қазақстан темір жолына көп-көп рахмет.

- Демалуға кетіп бара жатырмыз. Немеремізбен. Тағы жолдастар барлығымыз жиналып. Тез жүреді. Ыңғайлы. Іші де ыңғайлы. Комфортный. Отыратын орындықтары бар. Ұнайды бізге.

Дәл осындай екі пойыз Алматы қаласынан да жүреді. Биыл Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы жолаушы тасмалдау көрсеткішін 4 жарым миллион адамға жеткізуді жоспарлап отыр. 

Мұхит Тұрсынбаев – «Жолаушылар тасымалы» АҚ  бас директорының орынбасары:

- Алматы қаласынан осындай Тальго вагондарынан құралған пойыз шығады. Сонымен қатар жалпы стандарттық вагондардан құралған осы демалыс орындарына баратын 8 жолаушылар пойызы жүретін болады. Жолаушыларға жағдай жасалған. Ол жерде мультимедиялық порталдар бар. Кинофильмдер, мультфильмдер мен жаңалықтарды қарауға болады. Жолаушылардың ыңғайлығы вагонный ресторан, бар вагондары бар.

Бұл бағыттағы Тальго пойызы қыркүйек айына дейін қатынайды. Ал Астанадан бейсенбі және жексенбі күндері жүреді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарынан да пойыз бар. Жалпы жазғы маусымға 2 мыңға жуық вагон әзірленген. Осының арқасында жолаушылар орны 6 пайызға ұлғайып отыр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Наурызбай Құрманғазы