Елде жер және жылжымайтын мүлік онлайн заңдастырылады

Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап жер мен жылжымайтын мүлікті электронды форматта, ЕГОВ порталында заңдастыра алады.

Жаңа қызмет - жер учаскілерін беру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Өтінішті қарау 1 жылдан 30 күнге дейін қысқарады. Автоматтандыруға байланысты 16-18 маусымда жылжымайтын мүлік және жер кадастры бойынша көрсетілетін қызметтер уақытша қолжетімсіз болады. 

Ғалым Қарқынбаев, Мемлекеттік корпорацияның жер жөніндегі орынбасары:

- Бүгінгі күнге дейін жер кадастры бойынша бір ақпараттық жүйе, жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша бір ақпараттық жүйе болып өткен. Көздеген мақсатымыз екі ақпараттық жүйені біріктіру. Осы ақпараттық жүйелердің бәрін біріктіргенге байланысты, одан шығатын құжат та біріктіріледі. Ол кадастрлық паспорт деп аталады.