Мемлекет басшысы Бақытжан Ертаевты қабылдады

Кездесуде өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мәселесі айтылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев тақауда Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанның негізін қалайтын Адал азамат туралы ойларын ортаға салғанын атап өтті. Бұдан бөлек, сын сағатта басын қатерге тігіп, жанқиярлықпен ерлік танытқан, Отанына адал қызмет еткен тұлғаларды жастарға үлгі ету және  қарапайым еңбек адамын дәріптеу маңызды екеніне назар аударды.  Сонымен қатар Бақытжан Ертаевтың тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құруға  елеулі еңбек сіңіргенін атап өтіп, оның ел игілігі үшін атқарып жатқан қоғамдық жұмыстарына табыс тіледі.