Риддер жылу орталығы қысқа дайын болады

Риддер жылу орталығындағы қазандықтарды жөндеуге қажет жабдықтар Ресейден жеткізіледі.

Жергілікті билік бұл істі барынша жеделдетпек. Бүгінгі күні  тозығы жеткен жылу мекемесін қалыпқа келтіруге 12 мердігер компанияның 170 энергетик маманы жұмылдырылған. Станцияны жөндеуге кіріскен жекеменшік кәсіпорындар әзірге барлық шығынды өздері көтеруде. Өйткені Риддер жылу орталығының қаржылық жағдайы мүшкіл, қарызы 3 миллиард теңгеден асады. Орталықты коммуналдық жекеменшікке қайтару жолдары Үкімет деңгейінде әлі қарастырылып жатыр. Жоспар бойынша Риддер жылу орталығы қыркүйектің ортасына дейін толықтай қысқа дайын болуға тиіс.

Игорь Михайленко, "Риддер ЖЭО" бас директоры:

- Күл жиналатын орын толып тұр. Сондықтан оған қосымша жаңадан бір шұңқыр қазып, ескісін де үлкейту қажет. Турбиналар бөлшектелген күйі тұр, әзірге онсыз қазандықтарды іске қосу мүмкін емес.Ол да қомақты қаражатты талап ететін жұмыс.