Елде электр самокатты 18 жасқа толған азаматтар тізгіндей алады

Енді электр самокатты тек 18 жасқа толған азаматтар тізгіндей алады.

Жүргізушіге қорғаныш шлемі мен жарық шағылыстыратын киім кию міндеттеледі әрі кез-келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Бүгін сенат тиісті заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес электр самокат, велосипедке арналған жолмен немесе жолдың оң жағымен жүреді. Жаяу жүргіншілер жолында электр самокаттың жылдамдығы сағатына 6 километрден аспайды. Заңның орындалуы арнайы GPS арқылы тексеріледі. Алайда жеке самокаттарды, әзірге бұлай бақылауға мүмкіндік жоқ. Биыл электр самокаттың қатысуымен 10 жол апаты тіркелді. 1 адам қайтыс болып, 11-і, дене жарақатын алды.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

- Полиция тарапынан оны бақылау мүмкін емес деп айтуға болады. Неге десеңіз, ондай техникалық мүмкіндік жоқ Ал жол апаты болған жағдайда. Біреуді қағып кеткен, не болмаса дене жарақатын алған жағдай біз арнайы сараптама жүргіземіз. Сол арқылы ол самокаттың жылдамдығы қанша болғандығын айқындауға мүмкіндігіміз бар.

Сұйытылған газ айналымын реттеу

Сенат отырысында сұйытылған газ айналымына қатысты, заң жобасы мақұлданды. Құжат мұнай газының айналымын реттеп, қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді. Көгілдір отын тапшылығының алдын алуға бағытталған. Отырыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын, жетілдіру мәселесі де қарастырылды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бұл Заң газ және газбен жабдықтау саласында туындаған қоғамдық қатынастарды қосымша реттеу үшін әзірленді. Заңның ережелері сұйытылған газбен жабдықтау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, оны тиімді пайдалану үшін құқықтық жағдай қалыптастырады. Заң аясында кондоминиум объектісін басқарудың жекелеген мәселелерін реттеуге арналған нормалар да бар.