Қазақ-қырғыз құтқарушыларының өртке қарсы бірлескен оқу-жаттығуы өтті

Жамбыл облысында қазақ-қырғыз құтқарушыларының өртке қарсы бірлескен оқу-жаттығуы өтті. 

Екі елдің өзара шекарасы 716 шақырымға созылып жатыр. Қауіпсіздік шарасы екі жаққа да маңызды.

Өрт сөндіру  бойынша оқу-жаттығу Жамбыл ауданының Қырғызстанның Талас облысымен шекаралас аумағында өтті. Трасшекаралық аймақтағы өртті сөндіруге 30 техника  мен 134 жеке құрам қатысты. Далалы жерде тұтанған жалынға алдымен өртке қарсы ерікті құралымдар мен орманшылар жұмылдырылды. Жеке құрам өрттің жайылып кетпеуін қадағаласа, тракторлар жел бағытындағы жерді жыртып,  жалынға тосқауыл қойды.  Одан соң көмекке екі ел өрт сөрдірушілері қосылды.

Нұрлес Төреқұлов, Қырғызстан Республикасы ТЖМ Талас облыстық басқармасы басшысының орынбасары:

- Екі ел құтқарушыларының өрт сөндіру әдістері ұқсас. Тіпті техникаларымыз да бірдей десек болады. Біз бұл жаттығуға 3 техникамыз бен 15 ке жуық өрт сөндірушіні алып келдік. Мақсатымыз тәжірибе алмасу, өрт бола қалса, сөндіру үшін түсінісіп бірге жұмылу.

Ермек Момбаев, Жамбыл облыстық ТЖД бастығы:

- 8 миллиондай жылына бөлінеді. Ол бір жылға бөлінетін қаражат ғарыштық мониторингке. Ол тәулік бойы қадағалап бақылап отырамыз. Бізде жоспар бекітілген телефонмыз да байланыс құралдарымен әрдайым байланыстамыз.

Жамбыл облысында 4 жарым миллион гектарға жуық орман қоры бар. Бұл облыс аумағының 30 процентін құрайды. Ал ол жерлерде өрттің тұтанбауын  938 орманшы тәулік бойы бақылауда.

Олжас Баққараев, облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасының басшысы:

- Облыс аумағында 61 бекет 24 сағат кезекшілікпен жұмыс жасап тұр. Одан бөлек біздің аумағымызда 34 мұнаралар бар. Ол мұнараларға кезекшілер сағат сайын шығып бізге баяндап отырады. Жалпы бізде 72 техника бар одан бөлек биылғы жылға бізге  280 млн тг бөлінді. 9 трактор МТЗ және  6 жеңіл автокөлік сатып алып жатырмыз.

Айта кетерлігі дала өртінің алдын алу үшін ауылдық округтерде 1500 еріктіден құралған арнайы топтар құрылды. Жалпы жыл басынан бері Жамбылда 22 өрт оқиғасы тіркелді. Дала өртінің ауқымдысы Байзақ ауданында шығып, жалын 365 гектарды шарпыған болатын.

Авторлары: Мерей Бает, Руслан Ахатіллә