28 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні

Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атаулы мерекені атап өту тәртібін еске салды.

27 маусым – Арапа күні. Құрбан шалу уақыты 28 маусым Айт намазынан кейін басталса, аяқталуы 30 маусым кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Яғни, аталған уақыттан тыс құрбан шалуға, уақытынан ерте және кешігіп те қалуға болмайды.

Айт намазы Астана қаласында таңғы 6:00-де басталады. Өзге қалалар бойынша ақпаратты діни басқарма сайтынан қарауға болады.