«Астанаға 25 жыл: Астана – болашақтың қаласы» атты форум өтті

Қала күні қарсаңында «Астанаға 25 жыл: Астана – болашақтың қаласы» атты форум өтті.

Форумға халықаралық сарапшылармен қатар болашақ түлектері қатысты. Кездесуде тараптар білім беру және ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды. Айта кетейік, биыл «Болашақ» бағдарламасына 30 жыл. Осы аралықта 15 мыңға жуық маман даярланған. Қазіргі таңда олардың 12 мыңы әр түрлі салада қызмет атқарып жатыр.

Олжас Сәкенов, халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы: 

- Осы жаңа ғана біз «IDP IELTS Kazakhstan» емтихан орталығымен мемарандумға кол қойдық. Бұл мемарандумнның басты мақсаты ағалшын тілінің қоғам арасында кең етек жаюы, болашақ бойынша тапсыратын үміткерлерге ақпараттық сүйемелдеу, кезектен тыс емтихан тапсыруға мұмкіндік беру.