Алматыда Астана күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр. LIVE

Алматылықтар да Астана күнін бар сән-салтанатымен атап өтті.

Бүгін күні бойы қаланың барлық ауданында мерекелік концерт, сурет көрмесі, кітап жәрмеңкесі, поэзия кеші, балаларға арналған танымдық ойындар сияқты іс-шаралар реті толастаған жоқ. Концертте жергілікті өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.