Қостанай облысында шегіртке 500 гектар жерге зиян келтірді

Қостанай облысының Қостанай және Қамысты аудандарында 16 мың гектар жайылымдық жерге шегіртке тарады.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев аталған аудандардарға барып, зиянкестермен күрес жұмыстарын тексерді. Жергілікті шаруалармен кездесу барысында министр үйлесімді жұмыстың арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануына жол берілмегенін атап өтті. Облыста 4,6 млн гектар егіс алқабы болса, соның 500 гектары шегірткеден зардап шеккен. Өңірде зиянкестерге қарсы өңдеуді қажет ететін 400 мың гектарға жуық аумақтың 356 мың гектарында фитосанитарлық шаралар жүргізілді.