Қостанай облысында алқаптарға шегірткеден келер қауіп сейілді

«Екі аптада зинкестер толық жойылады. Бүгінде химиялық өңдеу жүргізіліп, жәндіктің біраз бөлігі жойылды», -дейді мамандар.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Осыған дейін Қостанай және Қамысты ауданында 16 мың гектар жайылымдық жерді шегіртке басып қалғанын айтқан едік. Жалпы облыс бойынша 472 мың гектар жерде химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған. Соның басым бөлігі өңделді. 

Дархан Әбдікәрімов, облыстық аумақтық инспекцияның басшысы:

- Қамысты ауданында жүргізіліп жатқанда біз техниканы дайындап қойдық. Анау көрші жерден кіріп жатқан шегірткені бүгін 2,5 мың гектарды улап өлтірді. Одан әрі кірген жоқ. Енді күннің қалай ысып тұрғанын білесіздер. Шегіртке ыстықты жақсы көреді. Әрі қарай ұшу бола ма деп, біз сол жерде екі газогенератор, бір дельтаплан, бір самолет ұстап отырмыз.