Алакөлге 1,5 млн турист келуі мүмкін

Алматы мен Жетісу облыстарында да аптап ыстық.

Тұрғындар Қапшағай мен Алакөл жағалауына ағылып жатыр. Алакөлге пойыз жүреді, әуе рейстері де бар. Көлдің Жетісу облысындағы бөлігінде 300-дей демалыс орны жұмыс істейді. Биылғы шомылу маусымы кезінде 1,5 миллионға жуық турист келеді деп күтіліп отыр. Ал Балқашқа апаратын жол нашар. «Талдықорған – Лепсі» тасжолы күрделі жөндеуден өтіп жатқандықтан, айналма жол көп. 

Дархан Бейісбеков, демалушы:

- Балқаш көлінде жарық қарастырылмаған көп жерлерде. Су, таза су, ішетін су қарастырылмаған. Жол нашар. Ол жаққа бүкіл азық-түлігімізбен өзіміз барамыз. Ол жақта бұл жақтағыдай дайын тамақ, ештеме қарастырылмаған. Сол биыл Алакөлге келуді жөн көрдік. Алакөлде жақсы, жағдайы, жолы, бәрі жақсы. 

Дәулет Жұбандықов, Алакөл аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Қазіргі уақытта, өздеріңізге белгілі, аэропорт, пойыз, барлығы іске қосылды. Аэропорттан Алматы, Астана, Талдықорғанға әуе рейстері қатынап жатыр. Пойыз қазіргі уақытта 9 рейс күнделікті жүріп жатыр. Бұл жерде жұмыс істеп тұрған 290 объектінің барлығы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген. Оның барлық салығы осы ауданға түсіп отыр.