Шығыстағы ЖЭО жылу маусымына 32% дайын

Шығыс Қазақстан облысындағы жылу энергия орталығы жылу маусымына небәрі 32% дайын.

Бұл туралы өңір халқымен кездесуде Энергетика министрі мәлімдеді. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Риддердегі стансаны жөндеу жалғасып жатыр. Қазір онда 8 мердігер жұмыс істеп жатыр. Нысанды жылу маусымына дейін іске қосу жоспарда бар. Министр сондай-ақ электр желілерінің 165 шақырымы жөнделгенін айтты. Алайда бұл жоспарлы жұмыстың 30%-і ғана. Гидроэлектр стансалары да кезекті маусымға жарым-жартылай дайын.