Жаңатастағы жылу қазандығы газбен жылытуға көшеді

Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының қазандығы газға ауысады.

Оған республикалық бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлінеді. Орталық қазандықтағы қондырғыларды ауыстыру үшін биыл 558 миллион теңге қаралған. Жалпы «Жаңатас-Су-Жылу» мекемесін жаңғырту жұмыстары 2 жыл бойы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Сорғы станциясы толықтай ауыстырылып, 1 бу, 2 су жылыту қазандықтары жаңадан орнатылады. Жауаптылар жобаны 2025 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір жылу тарату мекемесі мазутты пайдаланады. 2020-2021 жылдары мазут жетіспей, сапасы төмен отын салдарынын қала бірнеше рет жылусыз қалған болатын.

Құдайберген Қорғанбаев облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы

- Электр жабдықтау жүйесі де сонымен қатар мынау, өздеріңіз байқап отырғандай өте үлкен, электр энергиясын үлкен көлемде тұтынатын үлкен су айдағыш насостар бар. Олар да толыққанды жобамен ауыстырылатын болады. Енді мазуттың шығынын өздеріңіз білесіздер бүгінгі таңда 1 миллиард 600 миллион теңге әр жылға бөлініп отырады. Егер де біз газға ауыссақ, 2 есе шығындарды төмендетеміз.